Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандарға онлайн дәріс өткізілді

24.07.2020, 10:50 371

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі мекемедегі сотталған тұлғалармен қарқынды жұмыс істеуде.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының» теолог мамандарымен бірлесіп, карантиндік шараларды сақтай отырып, сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу және дәстүрлі ислам дінін насихаттау мақсатында онлайн дәріс өткізді. Дәріс барысында осы орталықтың теологы Асқар Алмасұлы Ислам негіздері мен ақида туралы уағыз-насихат жүргізді.

Ислам діні, ақида туралы мағұлмат алған сотталғандар, онлайн барысында Асқар Алмасұлына сұрақ қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Ж.Ілияс,

САӘПТЖББ-нің теологиялық

оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының

инпекторы, әділет аға лейтенанты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: