Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандарды қоғамға қалай бейімдеуге болады?

19.08.2020, 11:00 394

HALYQLINE.KZ Кеше «Pro-bono» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда қалалық пробация қызметі, Жергілікті полиция қызметі, Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушылар пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қайта қылмысқа бармай, керісінше қалыпты өмірге бейімделіп, тұрақты жұмыспен қамтылып, қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектер алуы үшін тең мүмкіндіктер қарастыру мәселесін талқылады.

Ерікті болып қайырымдылық шараларға қатысып жүрген қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтың дөңгелек үстелге қатысуы – жиынның жаңалығы болды. Қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдық жұмыстарға пробация есебіндегі азаматтарды тарта отырып қоғамға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылардың пікірталасына ұласып, атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Пробация қызметіне басшылық ету тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: