Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар сабақ өтті

09.12.2020, 11:00 413

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Сотталғандарды босатуға дайындық жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талаптарына сәйкес, мекемеге келген бірінші күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл шараларды мекеме әкімшілігі, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып атқарады. Сотталғанды бостандықтағы өмірге дайындау – олардың әлеуметтік байланыстарын (отбасымен) қалыптастыру, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекенжаймен қамтамасыз ету.

Осы мақсатта мекемеде пенитенциарлық есепте тұрған сотталғандар мен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың формальді мерзімі келген сотталғандарға мекемеден босатуға арналған даярлық сабағы өтті. Сотталғандармен кездесуге, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі және қалалық пробация қызметі қатысты.

Кездесу барысында жазасын өтеуші азаматтарға жаза өтеп босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары және Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардың делдалдығы арқылы азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таңдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапына берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды қоғамға лайық азамат ретінде бостандыққа дайындау, олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімделуіне қолайлы әсер етеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: