Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар қалай тамақтанып жүр?

18.08.2020, 19:00 433

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда әртүрлі аурулардың пайда болуы мен иммунитеттің әлсіздігі организмге әртүрлі макро-микронутриенттердің жеткіліксіздігі тікелей байланысты екендігін зерттеулер дәлелдеп отыр. Ал, оқшауланған адамдардың тамақтану жағдайы өз еркімен таңдау мүмкіндігі болмағандықтан, еркіндіктегілерге қарағанда шектелген.

Дегенмен де, сотталғандардың тамақтануы ҚР Үкіметінің 28.11.2014 жылғы №1255 қаулысымен жүзеге асады. ЗК-169/1 мекемесіндегі Тылмен қамтамасыз ету тобы мен аспаздар, осы қаулыға сай жұмыс атқарып келеді. Мекеменің арнайы ғимаратында орналасқан асхана 9 бөлмеден тұрады. Іші қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген, тап-таза, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Осы мекемеде екі жылдан бері Айша Жүнісқызы аспаз болып жұмыс істейді. Оның жұмыс күні, күнделікті таңертең 8:30-дан басталады. Мекеменің асхана меңгерушісі Қайрат екеуі асхана аумағының тазалығын қарап шығып, күнделікті ас мәзірі бойынша, азық-түліктердің жеткілікті екенін қадағалап шығады. Күніне үш мезгіл 200-ге жуық жанға ас-су дайындау оңай емес, сондықтан шаруашылық бөліміне қалдырылған, аспаздық өнері бар үш азаматтың көмегіне жүгінуге тура келеді.

Мұнда аспазға көмекші болып жұмыс істейтін Нұржан және Мақсат есімді жазасын өтеушілер өте епті әрі ісіне ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды. Ауминов Қайраттың айтуы бойынша, тамақтану рационы күнделікті ас мәзіріне сәйкес дайындалады. Ертеңгілік асқа ботқа түрлері, жұмыртқа берілсе, түскі асқа міндетті түрде ыстық күйдегі сұйық және қою тағам беріледі. Ас мәзірінің құрамы, қыс, жаз айларына қарай жаңаланып, өзгеріп тұрады.

Жазда жеңіл түрдегі, бірақ ағзаға пайдалы дәрумендерге толы көкөніс көбірек пайдаланса, қыста кенеулі, тойымды тағамдар беріледі. Және де, ағзаға қажетті балық, сүт тағамдары да жиі беріліп тұрады. Диеталық мәзір тиімді тамақтанудың есебінен физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Жеткізілушілерден өнімдерді сатып алу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Азық-түлік тауарлары сапалы сертификаттармен келеді. Осылайша, тергеу мекемесіндегі сотталғандар күнделікті балғын көкөніс, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, дайындалған дәмді ас негізінде талап нормаларына сай тамақтанып жүр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: