Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа айтты

20.12.2020, 16:00 418

HALYQLINE.KZ “16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне” орай, ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтудан жарыс өтті.

Шараны мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов ашып, сотталған азаматтарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жазасын өтеушілер Хакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айтып, өлеңдерін жатқа оқып, ұлы ақынға арнаған өз жандарынан шығарған өлеңдерін де жатқа оқыды.  

Қатысушылардың өнеріне облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маман теологы Оспанов Бахтияр Есенгелдіұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Төлен ата» мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразалиұлы және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Дәурен  Ізбанов қазылық жасады.

Жарыс қорытындысымен І орынды Е. есімді азамат, ІІ, ІІІ орынды Д. Б есімді азаматтар өзара бөлісті.  «Шабыт» номинациясын С. есімді азамат иеленсе, ал «Жігер» номинациясын Н. деген азамат жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға қатысқан барлық сотталған азаматтар «ынталандыру» сыйлығымен марапатталды.

 ЗК-169/5 мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: