Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде заңсыз алтын өндірді деген 13 адам қамауға алынды

07.08.2026, 12:20 49

Қызылорда облысының Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірді деген күдікті топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚМА-ның облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізген операция барысында 13 адамды қамауға алды.

Тергеу дерегінше, табиғи алтын Жаманкөл шатқалында өндірілген. Топ мүшелерінің міндеттері алдын ала бөлінген. Бірі алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмыстарын ұйымдастырса, енді бірі тасымалдау мен сатуға жауапты болған.

«Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған», – деді ҚМА өкілі.

Өндірілген алтын Алматыға жеткізіліп, сатудан түскен қаражат топ мүшелерінің арасында бөлінген.

Тінту кезінде құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш пен 6 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: