Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сағынышпен еске алу

12.11.2020, 9:40 492

HALYQLINE.KZ 12 қарашада Қызылорда облысы Полиция департаметінің Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің нұсқаулық жиынында қызметкерлердің Қазақстандық патриотизмді, батырлығын ояту үшін, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың еске алу рәсімі өткізілді.

2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау барысында 7 адам қаза тапты, оның 5-еуі – полиция қызметкері. Қылмыскер өзін-өзі жарған кезінде, өз денесімен қылмыскерді жапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылғы 14 желтоқсанында марқұм болған Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжан Тайшиеваға «Халық Қаһарманы» атағына қосымша «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» орденін берді.

Еске алу рәсімі кезінде Ғазиз Байтасовтың қайғылы және батырлы оқиғасы туралы деректі фильм қөрсетілді. Сонымен қатар, Жалағаш ауданы ПБ қызметкерлеріне қызметтің маңыздылығы, оның құндылықтары мен артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: