Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейде қазақстандық “тыңшылық” күдігіне ілініп ұсталды

02.07.2026, 11:00 58

Ұсталған қазақстандықтың әйелінің айтуынша, Байқоңырда тату салумен айналысатын күйеуін “коммерциялық тапсырыс береміз” деп Ресейдің Орынбор қаласына шақырған. Сол жерде ұстаған. Бұл жөнінде Адам құқығын қорғау бюросы жазды

Әйелінің сөзінше, күйеуі Украинадағы соғысқа қарсы болған. Айтуынша, бұған дейін ер адам Ресей әскері қатарында соғысқан жергілікті тұрғындардың бірімен жанжалдасып қалған. 

Ресейдің тергеу орындары байқоңырлықты “украин блогеріне орыс әскерінің орны жөнінде ақпарат берді” деп айыптап отыр. Қазіргі кезде Қазақстан азаматы Орынбордағы тергеу изоляторында. 

Жұбайының сөзінше, табылған адвокат “іс құпия болғандықтан” оны қорғаудан бас тартқан. Адвокат мұндай жағдайда өзін Ресейге кіргізбей қоюы ықтимал екендігін айтып қауіптенген. Дегенмен ол ұсталған адамға ауызша заңнамалық кеңес беріп, тергеу изоляторына барып жүр. 

Қазқстандықты ұстағаннан кейін азаптаған болуы мүмкін екені жөнінде ақпарат бар. 

Қазақстан СІМ әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: