Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар түнгі тыныштықты қалай бұзды?

04.11.2020, 16:15 619

HALYQLINE.KZ Өткен демалыс күндері Қызылорда қалалық полиция басқармасының полицейлері түнгі ойын-сауық орындары, оның ішінде клубтар, кафелер, мейрамханалар мен кальян барлары бойынша түнгі рейд жұмыстарын өткізді.

Айта кету керек, осындай іс-шаралар түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында үнемі өткізілуде.

Рейд аясында мобильді топ қала орталығында орналасқан 2 түнгі клуб пен 1 кальян барының ішінде құқықбұзушылық деректерін анықтады. Барлық осы ойын-сауық орындары шектеу шараларын, сондай-ақ белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларды сағат 23:00-ге дейін бұзды.

Залдарында келген қонақтар билеп, кальян шегіп, музыканың қатты дауысы шырқалды. Жақын маңайдағы көп қабатты үйлердің тұрғындары кейде мас қонақтар түнгі тыныштық тәртібін сақтамай, терезелерінің астында мазалап, айғайлайды деп полицейлерге шағымданады.

Тексеру кезінде ойын-сауық орындарының қызметкерлері қонақтарымен бірге ғимараттың ішінен есіктерін жауып алып, маска режимі мен әлеуметтік қашықтық талаптарын өрескел бұзып, санитарлық нормаларын бұзып жұмысын жалғастыратыны белгілі болды.

3 тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар санитарлық дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді.

Сондай-ақ, сағат 00:15-те орталық көшелердің бірінде полиция қызметкерлері «Тойота Камри 70» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде көліктің артқы орындығынан аңшылық мылтық табылып, тәркіленді. Иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда қаласы Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: