Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар көлікті көше тыныштығын бұзып айдайды

07.08.2020, 18:00 668

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 2 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 187 дерегі, оның ішінде, мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 437 бап) – 12, заңсыз қайта жабдықтаудың (590.7-бап) – 4, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (590.9 бап) – 15, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың (593 бап) – 41, маневр жасау қағидасын бұзу (595 бап) – 11, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту (599 бап) – 4, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу (600 бап) – 1, авариялық жағдау туғызу (606 бап) – 2, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың (612.1 бабы) – 31, мас күйінде мотокөлік басқарудық (608 бап) – 5 деректері анықталып, 33 мотокөлік айып алаңына қойылды.

6 тамыз күні Қызылорда қаласында орталық көшесі бойында мотокөлігін мемлекеттік белгісіз басқарғаны үшін мотокөлік тоқтатылды.

Тексеру барысында, мотокөлік жүргізушісі ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдік ішіп және еш құжатсыз басқарып жүргені анықталды.

Құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік тіркеу нөмері, белгілері жоқ) және ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2-бөлігімен (құжатсыз басқару) әкімшілік хаттамалары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Шамшидин Амитовтың нұсқауымен автомобиль жолдарында мотокөлік жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында облыс бойынша «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: