Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық тұрғынның қалтасынан марихуана табылды

13.03.2020, 9:37 341 0

«Допинг» арнайы жедел іс-шарасы барысында Арал полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан тұрғыны тоқтатылып, тексеру барысында курткасының қалтасынан қағазға оралған ерекше исі бар, шөп ұнтақтары алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар зат «кептірілген марихуана» екені анықталған.

Бүгінгі күні күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: