Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер онлайн акция ұйымдастырды

26.06.2020, 11:15 466 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен «26 маусым –Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында онлайн форматта акция ұйымдастырылды.

Акция барысында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы полиция подполковнигі Тұрахметов Ербол Тұрғанбайұлы сөз сөйлеп, нашақорлық мәселесіне тоқталды.

Сонымен бірге, акцияда есірткі мәселесін үздік насихаттаған білім, денсаулық саласының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар уәкілдері аталды.

Жергілікті өнерпаздар нашақорлық дертіне шалдыққандардың өмірі жайлы пролог дайындап, Қазақстан эстрадасының әншісі Дана Кентай акцияға қатысып, өзінің өнерін көрсетіп бұқара қауымды нашақорлыққа қарсы шығуға шақырды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: