Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер мал ұрыларын ұстады

28.08.2020, 15:50 310

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне Тәжібаев ауылының тұрғынынан 20 тамызға қараған түні «Бурхан» шаруа қожалығының мал ауласынан 4 қой ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Азамат жүгінгеннен кейін полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады. Полиция қызметкерлері барлық күш-жігерін салып, мал ауласын аралай бастады, жергілікті тұрғындардан сурастыру жұмыстарын жүргізіп, барлық дәлелдерді жинақтап, күдіктілерді анықтады. Олар сол ауылдың екі тұрғыны болып шықты.

Олар өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұрланған қой иесіне қайтарылды.

Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: