Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада заңсыз балық аулаған азамат ұсталды

04.05.2020, 17:20 530

HALYQLINE.KZ –| 2020 жылдың сәуір айының 1 мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.

2 мамырда ОПД-нің ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында Шиелі ауданы, Бала би ауылының тұсында «УАЗ» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды.

Ұсталған азаматтан резеңке қайық, аккумулятор және 6 кг аса балық алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (Балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: