Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада онлайн режимде «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

17.04.2020, 19:59 1050

HALYQLINE.KZ –|Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнатуды қамтамасыз ету мақсатында онлайн-режимінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.

17-18 сәуір күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін ОПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы, сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін ОПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Ибраев Бауыржан Әшімұлы, сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін ОПД ӘПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Садықовтың қатысуымен тікелей онлайн режимінде сұрақтарға жауап беріледі. Іс-шараның 1 күнінде барлығы 900-ге жуық сұрақ түсті. Атап айтқанда, автокөлікті тіркеу бойынша – 191, берілген жүргізуші куәліктері бойынша-158, жол жүрісін ұйымдастыру бойынша – 115, айыппұлдар бойынша – 175, көші-қон қызметі бойынша – 107, ІІО басқа қызметтері бойынша – 123 сұрақтар келіп түсті. Барлығына да жауаптар берілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: