Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мал ұрысы ұсталды

05.08.2020, 11:00 580

HALYQLINE.KZ Мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде ағымдағы жылдың шілденің 30-ы мен тамыздың 5-і күндері аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел шара барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығында мал ұрлығына күдікті 50 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Күдікті азамат жайылымдық өрістен бір бас сиыр ұрлап, мал иесіне 200 000 /екі жүз мың/ теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Мал иесіне келтірілген шығын толық қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: