Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мал ұрлығы азайып келеді

17.08.2020, 9:10 947

HALYQLINE.KZ Мал ұрлығы мәселесі қашан да өзекті. Қырағылық танытпаған жұрт малдарынан айырылуда. Арқаны кеңге салған кейбір тұрғындар ірі қарасын қараусыз жайылымға жіберіп, ол өз кезегінде малдың кедергісіз ұрлануына жағдай туғызады.

Өз кезегінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған полицейлер мал ұрлығы қылмысын болдырмау, алдын алу жолында жедел-қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруда.

Мәселен, қызылордалық полицейлердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде тәулік ішінде облыс тұрғынына ұрланған 4 бас жылқысы қайтарылды.

12 тамыз күні Қазалы ауданының 46 жастағы тұрғыны жайылымда жүрген 4 бас жылқысының ұрланғандығы туралы полицияға арыз берді.

Дереу іздеу жұмыстарына кіріскен полицейлер барымташыны көп ұзатпай қолға түсірді. Жылқыларды өрістен ұрлап әкеткен барымташы кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі облыс бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға, яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Мал ұрлығымен айналысқан жалпы 67 адамнан, оның ішінде 13 қылмыстық топ құрықталып, сол топтармен жасалған 43 эпизод құрайтын қылмыстары әшкереленді», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалхаров.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: