Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бірнеше үйді тонаған ұры ұсталды

16.04.2021, 15:00 206 1

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған облыс тұрғынын қолға түсірді.

Күдікті қала аумағындағы жеке тұрғын үйлерге ұрлыққа түскен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерін күштеп ашып, ішке кірген. Үйлерден алтын бұйымдарды, планшеттер мен ұялы телефондарды, банк кәртішкелерін қолды қылған. Тұрғындарға 600 мың теңгеге жуық шығын келтірілген.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: