Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 4 кафе иесіне хаттама толтырылды

19.03.2020, 11:01 582

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың республикада коронавирустық инфекцияның таралу қауіпіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізуіне қатысты және ҚР ІІМ министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеулер қойылды.

Қазіргі ел өміріндегі күрделі кезеңде Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне ауыстырылды.

Ерекше режимде жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметкерлерден мобильді топ құрылып, олармен жүргізілген түнгі рейд барысында облыстың 100-ге жуық кафе-мейрамханалары тексерілді. Тексеру барысында 4 кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. 2 дерек облыс орталығында анықталса, 2 дерек Қазалы ауданында орын алды. Аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476- бабымен(төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Ірі сауда нысандарына олардың жұмыс істеу уақыты бойынша 10:00-ден 18:00-ге дейін, киім-кешек базарлары үшін 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және қабылдау уақыты 22:00-ге дейін ғана жалғасады.

Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР ҚК 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Осы ретте, Қызылорда облысының Полиция департаменті құқық қорғау органдарының іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: