Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 100 автокөлік айыппұл алаңына қойылды

14.04.2020, 9:09 534

HALYQLINE.KZ –| Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 12-сіне қараған түні сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына қатаң шектеулер қойылды.

Облыс тұрғындары қаулыда көрсетілген талаптарды орындамай 100 автокөлік иесі көліктердің қозғалысына тыйым салынса да, көшеде жүргендері анықталып, автокөліктер айыппұл алаңына қойылды. (Қызылорда – 61, Арал – 1,Қазалы – 12, Қармақшы – 5, Жалағаш – 2, Шиелі – 3, Жаңақорған – 1, Байқоныр Өкілдігі – 5).

Сонымен қатар, карантин кезінде көшеде бетбердесіз 25 адам жүрген. (Қызылорда – 12, Арал – 1, Қазалы – 6, Шиелі – 6).

Ал, 1 азамат үй карантин режімін бұзып, көшеге шыққан (Байқоңыр Өкілдігі – 1).

Жоғарыда көрсетілген құқықбұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 421 құқықбұзушылық анықталып, сот шешімімен 99 кафе иелерімен жеке үй тұрғындары 5 және 7 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынса, 77-сіне 10 АЕК (10.04.2020 ж бастап 1 АЕК 2778 көбеюіне байланысты) 27780 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, 1-еуіне ескерту берілді.

Осы ретте, төтенше жағдай кезіндегі талаптардың күшейуіне байланысты полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарап, төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұраймыз!

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: