Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жылдамдық өлшейтін құрылғылар жұмысын бастайды

11.06.2020, 11:10 1040

HALYQLINE.KZ  Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала орталығында орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары 11 маусым сағат 20:00 бастап 5 жерде жұмыс істейтін болады.

Олар:

Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы);

Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты);

Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсы);

Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы);

Бейбарыс көшесі (№9 көпқабатты үй жаны).

Барлық құрылғылардың алдына ескерту белгілері орнатылды. Осыған байланысты жүргізушілерді жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұраймыз. Қалған 8 жердегі құрылғылар кезең-кезеңмен іске қосылады.

Қызылорда облысының полиция департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: