Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы пробация есебіндегі 72 адам қоғамдық жұмысқа тартылды

16.08.2023, 15:58 123

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация есебіндегі 1000-ға жуық сотталғанның 54-і сот үкімімен тағайындалған қоғамдық жұмыс атқару арқылы жазаларын өтсе, 18-і әлі де өтеп жатыр.

– Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар сот үкімімен тағайындалған қоғамдық жұмыс түріндегі жазаларын жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы өтеуде. Пробация қызметі тарапынан олардың жазасының орындалуы қатаң бақылауға алынған. Сот үкімімен оларға 10 сағатттан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды орындау міндеттелген. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар жұмысын тиянақты, уақытылы, күнделікті күніне 4 сағат көшені тазалау жұмыстарын атқарады – деді ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Құлманов.

Сондай-ақ мұнда сот үкімімен жазасына қосымша жаза ретінде мәжбүрлі еңбекке тағайындалғандар да бар. Олар да белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін жұмыстарға тартылуда. – Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін, 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде жұмысын бастайды. Сот үкімімен белгілеген жазаларын толық өтеген соң, пробация есебінен шығарылады. Жыл басынан 72 азаматқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалса, оның жартысыан көбісі жазаларын толық өтеп, есептен шығарылды. Қазіргі кезде 18 сотталған адам қоғамдық жұмысын атқарып жатыр, – деді  Ғ.Құлманов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: