Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықты атқандар ұсталды

10.08.2020, 18:15 429

HALYQLINE.KZ

2020 жылғы тамыз айының 08-і күні сағат 23:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» жұмысшыларының бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қаскүнемдер құрықталды. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында күдік келтірген «Ниссан Патрол» автокөлігі тоқтатылды. Жедел-тергеу тобымен автокөліктен Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген қарақұйрық жануарының өлі денесі, бір тегіс ұңғылы мылтық, патрондар және пышақ алынды, деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда күдіктінің бірі Сырдария ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, екіншісіне «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

«Жыл басынан табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 297 дерегітіркелді. Оның ішінде, 22 қылмыстық және 274 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда»,- деп атап өтті Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Шамшидин Амитов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: