Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылқан ағаш түрлері қорғалады

24.12.2020, 9:20 1457

HALYQLINE.KZ

Жаңа жыл қарсаңында балауса қылқан ағаш түрлерінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша табиғатты қорғау органдарына көмек көрсету үшін Қызылорда ст. ЖПб қызмет атқару аймағында 2020 жылдың желтоқсан айының 15-31-і аралығында бөлшек саудада жаңажылдық шыршалардың сатылуына шектеу қойылуына бақылау жасау мақсатында құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар өткізілуде.

Біздің өңірдегі мемлекеттік орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының (шырша) түрлері өспегенімен, облыс аумағында оларды заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, сақтау (ұстау) деректерінің болуы мүмкін. Осы орайда, 20 желтоқсанда Қызылорда станциясындағы теміржол перронында орналасқан сауда-саттықпен айналысатын дүкендер мен дүңгіршектердің сатушыларына жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ешқандай рұқсат құжатсыз қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың (құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалардан басқа) заңсыз сатылуы деректері туралы өздеріңізге белгілі болған мән-жайларды 8-7242-29-25-80 кезекші бөлімнің телефон нөміріне хабарлау сұралады.

А.Бахытов,

Қызылорда ст. ЖПб ст. ЖПб АҚҚАБт инспекторы, полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: