Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Құқық тәртібі»: 264 құқықбұзушылық анықталды

28.07.2020, 14:00 330

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың 24-26 шілде аралығында облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың 264 дерегі анықталды.

Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, қарсы бағытқа шыққаны үшін 3 жүргізуші анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарғаны үшін 90, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарғаны үшін 30 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 6 дерегі, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 46 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жұмыс барысында полиция нарядтарымен қабылдау тарату орнына – 3, Уақытша бейімдеу орталығына – 46 азамат жеткізілді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: