Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ҚР азаматтығы туралы» Заңына өзгерістер енгізілді

26.05.2020, 9:55

HALYQLINE.KZ Заңның 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады.

Өзгеріс енгізілген құжатта:

31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi:

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүргізеді;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтайды.

Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi болмаған жағдайда бұл органдардың функцияларын тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орындайды» делінген.

Заң мәтінінің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: