Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Қасенов сот залында қамауға алынды

15.06.2026, 15:50 61

HALYQLINE.KZ

«ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов қамауға алынды, деп жазады zhasalash.kz.

Бұған дейін ол тергеу және сот процесі кезінде үйқамақта болған.

Сот мәліметінше, прокурордың өтінішінен кейін бұлтартпау шарасы өзгертіліп, күдікті қамауға алу түріне ауыстырылған.

Айыпталушыға үйқамақ кезінде әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған. Алайда ол бұл талапты бұзғаны айтылды.

Сот мәліметінше, Қасеновке 2025 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желілерді, интернетті және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынған үйқамақ шарасы тағайындалған. Бұл шектеулер іс сотқа түскеннен кейін де өзгеріссіз сақталған.

Алайда айыптау тарабының мәліметінше, Қасенов 2 және 15 маусым күндері қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты бейнеүндеулер жариялап, үйқамақ талаптарын бұзған. Сонымен қатар ол 11 маусымда өтуі тиіс сот отырысына келмеген.

Осы жайттарды ескерген сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырып, журналисті қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Фото: ҚазТаг

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: