Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ мекемелеріне мобильді аппараттар орнатылды

23.11.2021, 15:00 248

HALYQLINE.KZ Кызылорда облысының барлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен қарым қатынасын үнемі байланыста ұстау үшін мобильді жағдай жасалынуда.

– Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандардың таксофондар арқылы сөйлесуге арналған пин-кодтарды жедел жеткізу жүйесі «Zona-telecom» орнатылды. Бұл жоба Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдігінің қолдауымен және ҚРІІМ ҚАЖ комитетінің келісімімен жүзеге асырылған. Жүйенің тиімділігі сотталғандардың туған-туыстары телефон шалу үшін онлайн төлем жасайды. Түбіртекте сотталғанның аты-жөні көрсетіледі. Мекеменің цензор маманы түбіртекті сотталғанға беріп, сотталған сол түбіртек арқылы пин-кодты теріп, одан әрі туыстарының телефондарын теріп, қоңырау шала алады, – дейді мекеме бастығы Тасболат Қалымбетов.

Атап өтсек, сотталғандардың түзелуіне ықпал тигізетін ең басты себептерінің бірі – олардың туған-туыстарымен отбасымен байланысын үзбеу. Сондай-ақ, олардың қоғамға тез сіңісіп кетуіне де әсер етеді. Жуырда тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдар да орнатылған. Электронды терминал арқылы сотталғандар немесе айыпталушылар арыз-шағымдарын тікелей сотқа, прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолдай алады.

Мобильді аппараттар түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін де және қызметкерлер үшін де қолжетімділікті арттыру болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: