Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық пирамида құрғандарға қылмыстық іс қозғалды

24.02.2020, 10:46 446

Өткен аптада Өңірлік коммуникациялар қызметінде департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Шамшидин Егенбердіұлының және Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Амиржан Сермаханұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) қаржылық пирамиданы құру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Бүгінгі күнге 70-тен астам тұрғын полицияға шағымданды, материалдық шығын есептелуде.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, әрбір арыз бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұраймыз.

Егер Сіздерге «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қылмыстық әрекеттерімен шығын келтірілген болса, Сіздерді жәбірленуші және азаматтық талапкер ретінде тану үшін Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №18 мекенжайы бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментіне келуіңізді немесе 29-50-46, 29-50-25, 29-75-20 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) талаптарына сәйкес тергеу құпиялығына байланысты қылмыстық іс бойынша нақты мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: