Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық бұзушылықтар анықталды

09.09.2026, 17:05 52

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2026 жылдың тамыз айында «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «№13 Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 5032,9 мың теңге қаржылық және «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс аудиторлық тексерумен 30464,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектісіне нұсқама жолданды.

***

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың қыркүйек айында «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №1 «Ақерке» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына және «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №3 «Өрімтал» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жоспардан тыс аудиторлық тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 21636,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып, бюджетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қ.ҚАМЗАЕВ,

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы

Көрнекі фото: inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: