Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қабан атқан қармақшылықтар ұсталды

26.08.2020, 16:55 580

HALYQLINE.KZ

Облыс көлемінде «Құқық тәртібі» іс-шарасын өткізу барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен 26 тамыз күні түнгі уақытта Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылына қарасты егістік алқабында күдік тудырған екі шетел автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында 4 азамат заңсыз аңшылық жасап жүргендігі анықталды, олар аталған ауылдың тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орында автокөліктерден еш құжатсыз тіркеуде жоқ 3 аңшы мылтығы және 1 (бір) бас атылған жабайы шошқа заттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөліктер айыппұл алаңына қойылды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Одан бөлек, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: