Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына соттауды сұрады

11.08.2026, 17:25 56

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс материалдарында айыпталушының Нұрай Серікбайға 36 рет пышақ жарақатын салғаны көрсетілген. Шерхан Аймахан сотта болған оқиғаны есіне түсіре алмайтынын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Марқұмның отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге көлемінде өтемақы өндіріп беруді талап етіп отыр.

21 жастағы Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкент көшесінде ауыр пышақ жарақатынан көз жұмған. Тергеу нұсқасы бойынша, бойжеткен қылмысқа дейін бірнеше ай бойы аңду мен қысымға ұшыраған. Оқиғадан кейін 28 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Айыптау актісі үш эпизодтан тұрады. Шерхан Аймаханға аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша айып тағылған. Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы күдіктінің қызды ұзақ уақыт аңдып, ондаған рет қоңырау шалғанын мәлімдеген еді.

Прокурор сұраған жаза сот үкімі болып саналмайды. Айыпталушыға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: