Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация қызметкерлері марапатталды

22.12.2020, 17:30 383

HALYQLINE.KZ Бүгін «Pro bono» қоғамдық қоры Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметтерімен бірлесе атқарған жұмысын қорытындылады.

Шараға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, пробация қызметінің қызметкерлері, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемесінің басшылары және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды бейімдеу орталығының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді ашқан Қоғамдық қордың директоры П.Горбачев пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтендіру және қайта оңалту мақсатында бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірлесе жұмыс атқаруда үлестерін қосқан ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің бастықтарын, пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекоры әділет майоры Бақыт Изенбекқызын және Қызылорда қалалық пробация қызметі, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық пробация қызметтерінің бастықтарын Алғыс хатпен марапаттады.

Пробация қызметтерімен 2020 жылдың тамыз айынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Қоғамдық қор директоры алдағы уақытта да бірлесе іс- шаралар атқарылатынын жеткізіп, қатысушыларға алғысын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: