Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация есебіндегі азамат тауық өсіру кәсібімен айналысуда

20.08.2020, 14:30 778

HALYQLINE.KZ  Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қатарында Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтар да бар.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алған пробация есебіндегі үш азамат, жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 555 600 теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Үшеуі де жеке кәсібін ашты. Біреуі тауық өсірумен айналысып жатса, қалған екеуі мал басын көбейтіп жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Тауық өсіру арқылы өз жағдайыңды түзеп алуға да болады екен. Тауықты күтіп баптауда оңай емес.Олардың қорада еркін қозғалуына жағдай жасау қажет. Қазір қолымда 30 шақты тауығым бар. Қазір әлеуметтік желі деген жақсы, құсты күтіп-баптаудың түрлі әдісін ғаламтордан оқимын. Тауық та құнарлы азық-түлік түрлерін қажет етеді. Сондықтан, құнарлы астық дәндерін беремін деп әңгімесін аяқтады. Болашақта тауықты көбейтіп, цех ашып, ісімді одан әрі дамытқым келеді», – дейді есептегі азамат.

«Ал, қалған 2 азамат мал өсіріп, мал басын көбейтумен айналысып жатыр. Мемлекеттен алған көмегіне мал ұстайтын қора салып, мал басын сатып алды.

Енді бір азамат бір айлық курсты аяқтап, сертификат алды. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан берілетін көмекті алу үшін құжаттарын дайындап жатырмыз, – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.

Дана ДОСТАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: