Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаментінің бастығы жедел кеңес өткізді

05.11.2020, 11:15 715 0

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда облысының Полиция департаментінде жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары, 2020 жылдың 9 айындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі және алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша кеңес өтті.

Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Бекторе Сұлтанның ақпаратында қылмыстың барлық түрлері бойынша төмендеу үрдісі байқалады. Ағымдағы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық 36 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, көшелерде, топтасып, мас күйінде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны азайды.

Сонымен қатар, полиция Департаментінің бастығы қатысушылардың назарын тағы бір маңызды мәселеге аударды, ол полицияның жұмысы бойынша халықтан келіп түскен өтініштеріне кері байланысқа және қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттеріне түсіп жатқан шағымдарға.

«Біз үшін ең бастысы, облыс тұрғындары біздің қызметімізге қандай баға береді. Әрбір осындай өтініш менің жеке бақылауымда болады», – деп атап өтті полиция басшысы.

Бірінші мәселе бойынша ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Қаршыға атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ПД бастығы полиция полковнигі Бекторе Жеңісбайұлы Президент пен ішкі істер министрінің 29 қазанда ІІМ алқасының отырысында берілген тапсырмаларды барлық бөлімшелердің басшыларына жеткізді.

«Алқа отырысында Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік моделін енгізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді, онда басты қағида «қолжетімді полиция» болуы тиіс. Учаскелік инспектор қазақстандықтардың сеніміне қол жеткізу үшін адамдармен ашық диалог жүргізуі тиіс».

Сондай-ақ, кеңес барысында Департамент бастығы жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша Департаменттің басқарма, бөлім, бөлімшелері басшыларына құқықбұзушылықтардың, оның ішінде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т.б. қатысты нақты міндеттер қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: