Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлерге алғыс айтты (Видео)

10.06.2020, 18:05 1161

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғыны Мыңжасарова Мереке Айтуғановна әлеуметтік желілер арқылы Орталық базарда жоғалған ұялы телефонын тауып берген Арал аудандық полиция бөлімінің ұжымына, әсіресе учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Асылбек Тарғыновқа, анықтаушы полиция аға лейтенанты Есенжолова Нұргүлге өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, тағы да бір облыс тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округінің тұрғыны Әбенов Ерлан Досболұлы ағымдағы жылдың сәуірдің 22-інен 23-іне қараған түні ауласындағы мал қорасынан ұрланған құны 600 000 теңге тұратын бір бас жылқысын тауып берген Жалағаш аудандық полиция бөлімінің ұжымына өз алғысын білдірді. Жылқысын ұрлаған күдікті ұсталып, бүгінгі таңда оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жәбірленуші азаматтар өздерінің бейнежазбаларында алғыстарын білдіріп, тұрғындар мәселелеріне бей-жай қарамайтын полицейлердің жоғары кәсібилігі мен қызметтеріне деген адалдықтарына тағы да көз жеткізгендерін айтуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: