Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер журналистерді құттықтады

26.06.2020, 11:35 663 0

HALYQLINE.KZ «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы өңіріміздің журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Маңызды да жауапты қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде жүресіздер.

Ел қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін полицейлердің қиын да қатерлі қызметін насихаттап келе жатқан еңбектеріңізге әрқашан алғысымды білдіремін.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды, еңбектеріңіз жемісті болсын. Сізге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық, амандық тілеймін!» деген тілегін білдірді департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары өмірі шежіреге толы ішкі істер органдарының ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Әшірбекұлына ерекше алғысын білдірді.

Полицияның имиджін көтеріп, беделін арттыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: