Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер саяжайларда рейд жүргізді

05.05.2020, 9:31 428

HALYQLINE.KZ –| 1-3 мамыр аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала маңындағы саяжай учаскелеріне («Ягодка», «Пищевик», «Сабалақ», «Эдельвейс», «ПМК-29», «ПМК-66», «Прудхоз», «Талсуат») рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 76 қызметкер және 12 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Жыл басынан аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жүргізілген тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 дерегі анықталып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин режиміне қарамастан, «ПМК-29» саяжайында жалға берілетін орындарда демалыс ұйымдастырған 1 азаматқа қатысты хаттама толтырылып, оның қасындағы 8 тұлғамен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдау) 1 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, ҚР ҚК 296-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 2 дерек тіркелді.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: