Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер адасқан баланы ата-анасына апарып берді

04.05.2020, 10:55 455

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында полицей төрт жастағы жоғалып кеткен баланы тауып, ата-анасына апарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.  

30 сәуірде Жаңақорған кентінде төрт жастағы бүлдіршін үйінің есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа шығып, адасып кеткен. Балаларының үйден шығып кеткендігі жөнінде оның ата-анасы мүлдем бейхабар болған.

Осы уақытта кент орталығында қызметтік міндетін атқарып жүрген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Абдуллаев пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция Ержан Айтжанов кент орталығындағы көше бойындағы бір қуыстан кішкентай баланың даусын естиді. Дереу сол жерге барған полицейлер қараңғы қуыста адасып кеткен бүлдіршінді көреді. Сұрастыру барысында табылған бүлдіршін ештеңе айта алмаған соң, полиция бөлімінің жеке құрамын құлақтандыру барысында баланың үйін тауып, ата-анасына бүлдіршінді аман-есен табыстады.

Айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын осы екі полиция қызметкері Жаңақорған ауданында өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер азаматты құтқарған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: