Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтер ұрысы сотталды

10.11.2020, 10:55 398

HALYQLINE.KZ

Қызылордада бірнеше пәтер тонаған қаскөй сотталды.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 25 жастағы тұрғыны 2020 жылдың маусым айының 11-і мен 30-ы күндері аралығында Әйтеке би кенті тұрғындарының үй-жайларына бірнеше рет кіру арқылы бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқырумен айналысқан. Сөйтіп, ол жәбірленушілерге 3 миллион теңгеден астам мүліктік залал келтірген. Бұл туралы облыстық Полиция департаменітің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтарымен (тұрғын үй-жайға бірнеше рет кіру арқылы бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында жинақталған дәлелдемелер мен жүргізілген сот сараптамаларының қорытындыланың, сондай-ақ, тергеу әрекеттерінің негізінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттері толық дәлелін тауып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қазалы аудандық сотының 22.09.2020 жылғы үкімі негізінде айыпталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: