Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн сот қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады

24.12.2020, 12:15 351

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласындағы жұмыстар онлайн жүйесі арқылы жұмыс істеп жатқанын білеміз. Сол қоғамның бір бөлігі ретінде, ҚАЖ саласындағы жұмыстарға да осы өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтар болсақ, ЗК-169/1 мекемесіндегі сот отырыстары онлайн жүйесіне байланысты мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері арқылы цифырлы жүйенің көмегімен жүзеге асуда. Ең бастысы, GOVID – 19 инфекциясының алдын алу үшін, мекеме қамауындағы күдікті және айыпталушыларға короновирус инфекциясын жұқтырмау қаупін сақтау мақсатында,барлық сот отырыстары «TrueConf» « Zoom» « Skype» арқылы өтілуде.

Мекеменің Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет капитаны Сембаева Фаризаның айтуы бойынша, Қызылордадағы тергеу изоляторында күніне кем дегенде 20-ға жуық онлайн сот отырысы болуда. Яғни, бұндай соттардың өтілуі бөлім қызметкерлерінің жауапкершіліктерін екі есеге арттырып отыр. Өйткені, бөлім қызметкерлері қашықтықтан болатын сот процестеріне мекеме қамауында отырған күдікті, айыпталушы сотталған азаматтардың сот отырыстарының тиісті дәрежеде өтілуіне тікелей жауапты болып табылады.

Бөлім қызметкерлері әділет сержанттары Б.Қазбеков пен С.Төлепбергенова, Н.Менбаевалардың тегеурінді жұмыстарының нәтежиесінде іске асып отыр. Олар мекеме қамауында отырған күдікті, айыпталушы сотталған азаматтардың тиісті құжаттарын тиянақты түрде дайындап, тіркеп, бір уақытта толық қамтамасыз етілуін қадағалайды. Сонымен қатар, аудандардан да келген сот тағайындауларын уақтылы қосуды да қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінгі уақытта мекенің арнайы ғимаратынан бөлінген бірнеше бөлмелерге ноутбуктар қойылған. Олардың дер кезінде уақтылы ешқандай техникалық ахаусыз жұмыс істеуіне жауапты қызметкер ретінде РжКБ-нің әділет сержанты Ерғалиев Жасұлан бекітілген. Күдіктілер мен айыпталушыларды сот отырыстары өтілетін бөлмеге бақылаушы қызметкерлер айдауылдап әкеліп, жіті қадағалап тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: