Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзгенің «Опелін» тізгіндеп кеткен тұрғын ұсталды

12.08.2020, 9:10 429

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 10 тамыз күні сағат 00:10 шамасында Қызылорда облысы ПД-ның Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған «Опель Вектра» маркалы автокөлігін белгісіз азаматтардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 38 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: