Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық прокуратура ескертеді

17.03.2020, 13:11 587

Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 ж. Жарлығымен еліміздің барлық өңірлерінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұл – дүниежүзінде коронавирус инфекциясының таралуымен байланысты уақытша шаралар.

Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай туралы заңы бойынша елімізде шектеу шаралары енгізілді.

Бірінші кезекте қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынды, стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, адамдар көп жиналатын орындардың қызметінде шектеулер қойылды.

Сонымен қатар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде азаматтардың кіріп-шығуына шектеулер енгізілді.

Сонымен бірге төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимдi бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (айыппұл 10 АЕК, 10 тәулікке дейін қамаққа алу), ал төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 478-бабымен (айыппұл 40 АЕК, 30 тәулікке дейін қамаққа алу) әкімшілік жауаптылық қаралған.

Бұған қоса, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып және төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚК-нің 274-бабымен қылмыстық жауаптылық қаралған (3 жылдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Осыған орай тұрғындардың назарына тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйену қажеттігін жеткіземіз, себебі провокациялық ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: