Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Нұрайды 72 рет пышақтар едім» деген пікір жазған ер адамға айыппұл салынды

07.08.2026, 11:40 34

Марқұм Нұрай Серікбайға қатысты TikTok желісінде «Нұрайды 72 рет пышақтар едім» деп пікір қалдырған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай хабарлады.

Оның айтуынша, желі қолданушысына құқыққа қайшы контент жариялағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы бойынша шара қолданылған.

Аталған бап әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті орналастыру және тарату үшін жауапкершілік қарастырады.

Жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 2026 жылы бір АЕК 4 325 теңгені құрайды. Сәйкесінше, 20 АЕК 86 500 теңгеге тең.

Коллаж: Орда порталы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: