Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев нашар деген баға берді

04.08.2020, 9:50 498

 HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес «Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары» мен «Жаңа оқу жылына дайындық барысы» және «Жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында атқарылған шаралар туралы» мәселелер қаралды.

Мәжілістегі үшінші мәселе «Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында атқарылған шаралар туралы» қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Құдайбергенов баяндады.

Баяндама жасаушы «2020 жылдың 6 айында өткен жылдық есептік кезеңімен салыстырғанда қала көлемінде болған жол көлік оқиғалары – 21%-ға, соның салдарынан қайтыс болғандар – 71%-ға, жарақат алғандар – 18%-ға төмендеген деп» мәлімдеді.

Дегенмен қала әкімі жол қозғалысы ережелерін бұзғандар 2019 жылдың 6 айымен салыстырғанда 11,8 пайызға көбейгенін, қоғамдық көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар саны екі есеге артқанын айтып, бұл саладағы жұмыстарды ширату керек екенін ескертті.

Одан кейін қалада үлкен әлеуметтік резонансқа айналған Тасбөгет кентінің орталығында орын алған жол-көлік оқиғасын назарға алып, «бұл саладағы бақылаудың әлсіздігін көрсетеді», – деді шаһар басшысы.

Сонымен бірге кешкі мезгілде орталық көшелерде жол ережелерін бұзып, авто-мото көліктермен жарысу фактілерінің көптеп кездесетінін және мұндай бей-берекетсіздік жағдайларға тосқауыл болмауына қарап, полиция пәрменін пайымдауға болатынын айтты.

Мемлекеттік мүлікке келтірілген шығындарды өтеу, кінәлі адамдарды анықтау бағытындағы жұмыстарыңыз да өте төмен деңгейде деген баға берді.

Мысал ретінде, белгісіз азаматтың облыстық Ә.Тәжібаев кітапханасының алдында орналасқан сквердегі түнгі жарық бағаналарын сындырып, қиратып кеткенін, бірақ кінәлі адамның әлі күнге дейін анықталмағанын алға тартты. Полиция қызметінің халықпен кері байланыс орнатпайтынын да сынға алды.

Мәжіліс соңында шаһар басшысы сала басшыларына аталған олқылықтарды жою мақсатында жүйелі әрі қарқынды жұмыс істеуді және қаламызда тәртіп орнағанша күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуді тапсырып, жұмыстың жүргізілу барысы тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: