Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мыңдаған жұмысшының құқығы қорғалды

16.06.2020, 12:05 464

HALYQLINE.KZ Арал аудандық прокуратурасымен «Аралтұз» АҚ-да жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақталуына және жалпы экологиялық жағдайына талдау жасалып, нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Зауытта барлығы 1000-нан астам жұмысшы жұмыс істейді. Жалақының орташа мөлшері 70-75 мың теңгені құрайды, ал өзге де ұсталымдарды есепке алғанда, қызметкерлердің негізгі бөлігінің жалақысы тіпті 60 мың теңгеге жетпейді.

Еңбек ұжымымен кездесу барысында және жеке қабылдау өткізу кезінде негізгі талаптармен жалақы мөлшерін арттыру және еңбек жағдайының қауіпсіздігін жақсарту бойынша көмек көрсету сұралған болатын.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысшыларға еңбек жағдайының зияндылығы немесе қауіптілігі үшін жоғарылатылған мөлшерде жалақы белгіленеді.

Бұған қоса, аталған санаттағы жұмысшыларға кемінде алты күнтізбелік күнге созылатын қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы берілуі тиіс.

Алайда көп жылдардан бері ұжымдық шартта (2014 жылғы) және жұмыс берушінің актісінде көрсетілген өндірістің ерекшелігіне қарамастан зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша төлемдер және жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы белгіленбеген, сәйкесінше олар төленбеген және қосымша демалыс күндері берілмеген.

Сондай-ақ, ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығына сәйкес, әрбір ауысымға шыққан жұмысшыға белгіленген мөлшердегі сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру жөніндегі талаптары орындалмаған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен АҚ-да жаңа ұжымдық шарт бекітіліп, онда жұмысшыларға зияндылығы үшін төленетін қосымша үстеме ақы бекітілді.

Бұған қоса, жұмысшыларға емдік-профилактикалық мақсатында сүт өнімдерінің берілуіне және уақытысында арнайы киім-кешектердің табысталуына қол жеткізіліп, жалпы мыңдаған жұмысшылардың құқықтары қорғалды.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: