Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп асханасының шығындары бюджеттен заңсыз өтелген

01.06.2020, 12:47 541

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданының прокуратурасымен ауданда заңды тұлғаларға жалға берілген мектеп асханаларының коммуналдық шығындары мемлекет есебінен өтеліп келгені анықталды.

Мәселен, 10 мектеп асханасын жалға алушы ұйыммен 3 жыл бойы пайдалану кезінде 17 млн теңгеге тұтынылған электр энергия мен ауызсудың ақысы мектептің қаражатынан өтелген. Яғни, бюджет қаржысы жұмсалған.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы (74-бабы) және Азаматтық кодексте (553-бабы) жалға алушы мүлiктi ұстауға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi.

Прокуратураның ұсынуымен аудан әкімдігі талап арыздармен сотқа жүгініп, нәтижесінде мәжбүрлі түрде жалға алушыдан бюджетке 17 млн теңге қаржы өндірілді.

Ауданда мектептің мүліктерін тиімді пайдалану жұмыстары жолға қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: