Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мал ұрлығы азаймай тұр

04.09.2020, 11:00 552

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы, Сырдария ауданының кезекші бөліміне Ильясов ауылының тұрғынынан 25 тамыз күні қорасынан 1 бас жылқысын ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 38 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан: «Бүгінгі таңда еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға, яғни 230-дан 144-ке төмендеді. Дегенмен, мал ұрлықтарының жасалуы әлі де азаймай отыр.

Облыс бойынша мал ұрлығымен айналысқан жалпы 67 адамнан, оның ішінде 13 қылмыстық топ құрықталып, сол топтармен жасалған 43 эпизод құрайтын қылмыстары әшкереленді.

Мысалы, Қызылорда ҚПБ мал ұрлығын жасағаны үшін 4 адамнан құралған 1 топ ұсталып, 9 ауыр санаттағы эпизодтық мал ұрлығын жасағандығы анықталды.

Мал ұрлығының өсім алуының бірден-бір себебі азаматтардың малдың жоғалғаны туралы кеш хабарлауы болуда.

Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс болған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалып кетеді.

Облыстық Ветеринарлық инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқару туралы Меморандум негізінде тиісті ілеспе құжаттарсыз мал тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары қолға алынған. Рейдтік іс-шаралар барысында, ілеспе хатсыз мал тасымалдаған 100-ге жуық автокөлік және ет өнімдерін тасымалдаған бірнеше автокөлік анықталған» – деп мәлімдеді.

Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: