Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мал ұрлаған шиелілік тұрғын ұсталды

09.09.2020, 10:30 854

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 4 қыркүйек күні жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының ауыл арасындағы тас жолда күдік тудырған «Газель» маркалы жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші Ақтам ауылының жайылымдық жерінен мал ұрлап, автокөлігімен алып келе жатқандығы анықталды. Көліктің жүк салғышынан еш құжатсыз екі бас ені жоқ сиыр алынды.

Күдікті 30 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында аталған азамат тағы да жылқы ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті Шиелі АПБ-нің УҰИ қамаққа алынды.

Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: