Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күзет қызметіне лицензия алуға болады

22.06.2020, 14:25 582 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі, азаматтарды күзет қызметімен айналысу құқығына лицензияны қалай алуға болатынын хабарлайды.

Бүгін азаматтардың «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы «үйден шықпай-ақ» лицензия алу мүмкіндігі пайда болды. Ол электрондық үкімет порталы арқылы лицензия алуға өтінім беруге және заңмен белгіленген мерзімде күзет қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында меншіктің 90% мемлекеттік емес секторға кіргендіктен, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жеке күзет құрылымдарында жүктелген. Күзет қызмет ұйымдары ең маңызды мемлекеттік тапсырманы орындайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың меншігін қорғау, ҚР Конституциясымен кепілдендірілген.

Күзет қызметімен айналысу үшін заңды тұлғалар лицензия алуға міндетті және күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру мемлекеттік қызмет болып табылғандықтан, оны Қызылорда облысы полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Лицензия алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– толтырылған мәліметтер нысаны бар, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

– лицензиялық алымның төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (6 АЕК мөлшерінде).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап-15 жұмыс күні ішінде орындалады.

ЭЦҚ болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе веб-портал www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру мәселелері бойынша тәртібі мен нормативтік актілері мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №236 бұйрығында көрсетілген.

Қызылорда облысының

ПД Күзет қызметін бақылау бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: